сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 05.01.2023 17:17

Биыл елімізге қанша қандас келетіні белгілі болды

Фото: inform.kz

Елімізге қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған биылғы квота бекітілді, деп хабарлайды teznews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігіне сілтеме жасап.

Қандастарға арналған квотаны белгілейтін бұйрыққа министр Тамара Дүйсенова қол қойды.

«Бұйрыққа сәйкес елімізге келетін қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы бөлінсін. Ол туралы елорда, республикалық маңызы бар қалалар және облыс әкімдіктері назарына жеткізілсін», - делінген құжатта.

Жұмыстың орындалуына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмади Сарбасов жауапты.

Бұйрықта бекітілгендей, биыл елімізге 1925 қандас және 6727 қоныс аударушы келмек.

Өңірлерге келсек, Абай облысына 196 қандас, 238 қоныс аударушы, Ақмола облысына 270 қандас, Қарағанды облысына 33 қоныс аударушы, Қостанай облысына 150 қандас және 530 қоныс аударушы, Павлодар облысына 932 қандас, 2841 қоныс аударушы, СҚО-ға 138 қандас, 2660 қоныс аударушы, Ұлытау облысына 120 қоныс аударушы, ШҚО-ға 239 қандас және 305 адам қоныс аударғалы отыр.