сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 6 06.01.2023 17:15

Еліміздегі ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды

Фото: tengrinews.kz

Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне бірнеше шарт бойынша беріледі, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы Үкімет қаулысына сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде "СЭС Өскемен АЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС-дегі мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру», - делінген қаулыда.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ Үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болатыны атап өтілді.