сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 09.01.2023 12:19

Түркістанда жоғалып кеткен қарттың мәйіті табылды

Фото: tengrinews.kz

Түркістан облысында жоғалып кеткен қарт адамның денесі табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, мәйіт далада табылған.

8 қаңтарда Молдабек Игенбаевтың мәйітін полиция қызметкерлері тапқан. Бұл туралы ақпарат Instagram-да _dobryak_shymkenta парақшасында жарияланды.

Бұған дейін БАҚ-та 5 қаңтарда Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны Молдабек Игенбаев үйден шығып, оралмағаны хабарланған.