сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 09.01.2023 12:12

Ақтау маңында жарылыстан екі адам жансақтау бөліміне түсті

Фото: ru.sputnik.kz

Ақтау маңында жанар-жағармай құйылған цистерна жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаевтың айтуынша, 7 қаңтар күні сағат 21:00 шамасында болған. Мұнайлы ауданы Дәулет ауылында орналасқан BBJ GROUP ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай материалдары бар цистерна жарылып, өртеніп кеткен.

Нәтижесінде екі адам зардап шекті. Түрлі жарақат алған оларды шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізді.

«Өрт толығымен сөндірілді. Себептер анықталып жатыр», - деді Жайнат Әуесбаев.