сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 09.01.2023 13:13

Алдағы күндері елімізде 40 градусқа дейін аяз болады

Фото: tainoeiyavnoe.ru

Синоптиктер 10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастырып жатыр. Осымен байланысты қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады деп күтіліп отыр.

"Ауа температурасы батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін, орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.