дүйсенбі, 7 қазан 2024
0 01.12.2022 17:19

Өскемен тұрғыны жүргізуші куәлігін алу үшін қомақты қаржы ұсынған

ШҚО-да әйел бейтаныс адамға жүргізуші куәлігін алуға 1,2 млн теңгеден астам қаражат берген, деп хабарлайды teznews.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Өскемендегі Ертіс ПБ-ның кезекші бөліміне 38 жастағы қала тұрғынынан өтініш түскен. Ол жүргізуші куәлігін қысқа мерзімде жасауға уәде берген бейтаныс адамның көмегіне жүгінген. Көлік құралын басқаруға рұқсат беретін "құжат" сомасы шамамен 1 млн 240 мың теңге болған.

"Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Ол - Шемонаиха ауданының 54 жастағы тұрғыны. Тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне жеткізген, ол жауап алу кезінде бұл әрекетін мойындаған"-, деп жазды Polisia.kz.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Күдікті кінәсін мойындаса, оған екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы беріледі", - делінген хабарламада.