сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 09.01.2023 16:29

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: kaz.nur.kz

Белгілі әзілкеш, өнер қайраткері Тұрсынбек Қабатов «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның креативті продюсері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды teznews.kz сайты Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Берік Уәли өзінің instagram парақшасында жазды.

«Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез-келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегі айтып жүретіні белгілі», -дейді ол.

Оның сөзінше, қазақстандық телеарналардағы «Әзіл әлемі», «Көңілді тапқырлар алаңы» секілді жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие.

«Хабар» арнасындағы Тұрсынбек Қабатов жүргізген «Жұп-жұбымен», «Cover show» сияқты жобалар да жоғары нәтиже көрсеткен.

«Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады.  Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз»,- деп жазды Берік Уәли өз парақшасында.