сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 8 09.01.2023 17:29

Қазақстанда пәтер жалдау құны арзандай түсті

Фото: rbc.ru

Қазір Қазақстандағы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдау құны 3 мың теңге болып отыр. 5 қаңтарға қарай Қазақстандағы тұрғын үй жалдау бағасы қыркүйек-қазан айларымен салыстырғанда 33% арзандады. Басқа қалаларға қарағанда Оралда үй жалдау бағасы көбірек арзандаған деп хабарлады Teznews.kz порталы Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тек Қостанай қаласында қыркүйекпен салыстырғанда пәтер жалдау бағасы 13,7% жоғары болып отыр. Ал қалған өңірлерде керісінше арзандаған:

  • Орал – 52%;
  • Петропавл – 50%;
  • Ақтөбе – 47%;
  • Астана – 36%;
  • Алматы – 29%.

Қыркүйек айының басымен салыстырғанда елде пәтер жалдау мөлшерлемесі қазір орта есеппен 2% жоғары. Бұған қарамастан Көкшетау, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Атырау қалаларында баға қыркүйектегі деңгейден төмен. Алматы, Астана, Павлодар, Орал және басқа қалаларда 7% шегінде алшақтық сақталып тұр.

2022 жылғы желтоқсанда мөлшерлеме 6,3% төмендеді. Алматы, Қостанай, Павлодар қалаларында айтарлықтай өзгеріс бар – 9%. Астанада – 5,3%. Өскемен мен Петропавлда 4 пайызға дейін төмендеді.

5 қаңтарда Қазақстандағы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдау құны 3 мың теңге болып отыр. Минимум – 2,4 мың – Ақтөбеде, максимум – 5,7 мың – Алматыда.