сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 6 10.01.2023 13:23

Қарағанды: Көпқабатты үйде алапат жарылыс болды

Фото: ТЖМ

Қарағанды қаласында 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылды, деп хабарлайды teznews.kz ТЖМ-ға сілтеме беріп.

Өрт сөндірушілер ооқиға орнына келген кезде сыртқы белгілері бойынша 8-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатты.

Құтқарушылар кіреберістегі пәтерлерден адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Кіреберісті қою түтін басқан.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД, Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының жалпы саны жеке құрамнан 50 адам мен 12 бірлік техника жұмыс жүргізді.