сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 21 10.01.2023 17:48

«Шардара» су қоймасы көктемде апат тудыруы мүмкін деген ақпарат рас па?

Фото: Sputnik Қазақстан

Қазақстандағы ең үлкен Шардара су қоймасы 22 елді мекенді шайып кеткелі тұр деген қауесет тарады. Ал Түркістан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Шардара" су қоймасы көктемде апат тудыруы мүмкін" деген ақпарат Түркістан облысының Шардара маңында тұратын халықтың дегбірін қашырды. Былтыр дәл осы күні Шардарадағы су көлемі 2 млрд 387 мың текше болса, қазіргі күні 4 млрд 70 млн текше су тұр. Яғни, былтырғыдан 78%-ға судың мөлшері артып кеткен.

"Шардараға қанша су келып жатқанына мониторниг жүргіземіз. Жыл басында Өзбекстан жақтан 1400 текше метр су келген. 6 қаңтарда барып өлшегенімізде 400 текшеге азайған. Шардараға 883 текше метр су Сырдариядан келіп жатыр", - дейді "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының басшысы Махамбет Жақызбаев.