сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 5 10.01.2023 19:44

Жаркентте нәрестені пышақтап өлтіргені хабарланды

Фото: Диалог.UA

Жаркентте нәрестені пышақтап өлтірген. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа туған нәрестені пышақтап өлтіргені үшін Жаркент қаласында Қылмыстық кодекстің 99 - бабы, 3-бөлігі («Жас баланы өлтіру») бойынша қажетті сараптамаларды тағайындауға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент қылмыстық істі ерекше бақылауға алғанын атап өтті. Іс туралы басқа ақпарат жарияланбайды.