сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 8 12.01.2023 13:11

Павлодар облысының тұрғындары ерекше құбылыстың куәсі болды

Фото: Фото: Instagram/tipavlo.dar

Павлодар облысының Ақтоғай ауылының тұрғындары ерекше оптикалық құбылыстың куәсі болды. Олар атмосферада ылғал мөлшері көбейген кезде пайда болатын - "аяз таяқшаларын" көрді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында болған ерекше табиғат құбылысының суреттері "Типичный Павлодар" Instagram-қауымдастығында пайда болды. 

"Мынадай әдемі көрініс бүгін Ақтоғайда болды", - деп жазған жазба авторы.

Аталған жазбаға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Кей тұрғындар мұндай суреттер шындыққа жанаспайтынын айтса, енді бірі аталған құбылыс Ақтоғайда алғаш рет болмағанын жазған.

"Қандай әдемі көрініс", "Бұл шынайы көрініс пе, әлде фильтр ма?", "Бұл бүгін болды (кеше, 11 қаңтарда - ред.) шамамен 19:15-те. Ғажайып құбылыс", "Аяз таяқшалары деп аталады, ауылда өскендер жақсы біледі мұндай құбылысты", "Иә, бұл шынайы құбылыс, осындай қатты аяздарда болады", "Неткен әдемі сурерт, Алланың шеберлігінде шек жоқ", "Солтүстіктегі болатын құбылысқа қатты ұқсайды" деп жазды олар.