сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 6 12.01.2023 15:5

Жетісу облысында зорлық белгілері бар ер адамның денесі табылды

Фото: arasha.kz

Жетісу облысының тұрғыны ауылдасын өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған дерек Панфилов ауданында тіркелді. Онда 12 қаңтарда Пенжім ауылында зорлықпен өлім белгілері бар 28 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Оны өлтірген күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді.

– Жәбірленушімен бір ауылда тұратын 33 жастағы ер адам ұсталды. Алкогольді бірге ішкен кезде ер адамдар арасында жанжал пайда болып, пышақпен төбелеске ұласқаны алдын ала анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауға алынды, – деді Панфилов ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.