сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 9 13.01.2023 16:16

"Барселона" бапкері Роналду туралы ойын айтты

Фото: news.sportbox.ru

"Барселонаның" бас бапкері Хави Эрнандес португалиялық Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына ауысуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды teznews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шабуылшыға жаңа чемпионатта оңай болмайды. 

"Ол Сауд Арабиясының ең мықты клубтарының бірімен келісімшартқа отырды, бірақ оған оңай болмайды. Бұл - өте күрделі лига. "Әл-Садд" клубын жаттықтырғанда мен олардың бірнеше командасына қарсы ойнадым. Оған оңай болмайды. 

Сауд Арабиясының лигасы - бәсекелестігі жоғары лига, ал Криштиану Роналду - бәсекеге қабілетті ойыншы. Сондықтан ол жетістікке жете алады деген ойдамын", - деді Хави barcauniversal.com-ға берген сұхбатында.