Желіде төбелескен қыздардың видеосы қызу талқыға түсуде
Талдықорғандағы қыздардың төбелесінен кейін әлеуметтік желілерде бірнеше қаладағы қыздардың жаға жыртысқан видеосы таралып кетті.
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында екі қыз жаға жыртысып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған бойжеткендер полицияға жеткізілді. Екеуінің де жасы 16- да. Бірі Ұзынағаштағы Жамбыл Жабаев атындағы колледжде, екіншісі Ұзынағаш медициналық колледжінде оқиды.
Бейнежазба желіге тарағаннан кейін полиция мән-жайды анықтаған. Оқиға бір ай бұрын болған. Желі қолданушылары қыздарды қатаң жазаға тартуды талап етіп жатыр.
Алматы облыстық полициясының баспасөз қызметінің айтуынша, қыздар қазір татуласқан. Олардың ата-аналарына тек айыппұл салынып, іс жабылуы мүмкін.
«Оқиға 2022 жылдың 03.12.2022 жылы болған. Аталған дерек бойынша оқу орнының әкімшілігі полиция қызметкерлерінің қатысуымен тексеру жүргізді. Сондай-ақ студенттердің ата-аналары шақырылып, екі жақтан да түсініктемелер алынды. Қазіргі уақытта 16 жастағы оқиғаға тікелей қатысы бар жасөспірімдерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр», – деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сайділдин.