сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 8 16.01.2023 11:22

"Барселона" жаңа кубок жеңіп алды

Фото: sports.ru

«Барселона» Испания Суперкубогының финалында «Реалды» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

33-минутта Гави «Барселонаны» алға шығарды, ал бірінші таймның соңында Роберт Левандовски есепті еселеді. 69-минутта Педри тағы бір гол соқты. Мадридтік команда сапында Кәрім Бензема қосымша уақытта голдың авторы атанды.

Каталониялық клуб Испания Суперкубогын 14-рет жеңіп алды, бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады.