жексенбі, 6 қазан 2024
Білім 10 16.01.2023 16:36

Гарвард студенттері Қазақстанда тағылымдамадан өтуі мүмкін екені хабарланды

Фото: informburo.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвард студенттерінің Қазақстанда тағылымдамадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы АҚШ-қа іс-сапар кезінде алдыңғы қатарлы бірқатар оқу орнының басшыларымен кездесті.

Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білімін дамыту мақсатында жетекші әлемдік жоғары оқу орнымен серіктестік ұсынды.

Гарвард Кеннеди мектебінің халықаралық қаржы және даму жөніндегі Sumitomo - FASID профессоры, Халықаралық даму орталығының директоры Азим Кхваджамен ынтымақтастықты Гарвард студенттерінің Қазақстандағы тағылымдамасынан бастауды ұсынды.

Бұл бастаманы тереңірек талқылау үшін Гарвардтың басшылығы Қазақстанға келетін болды.

 

Дереккөз: Sputnik.kz