жексенбі, 6 қазан 2024
Жаңалықтар 8 17.01.2023 10:26

БҚО-дағы мұнайшылар ереуілінде әкім не айтты?

Фото: paryz.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев KKC-Sicim мұнай компаниясы жұмысшыларының ереуілге шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

«Ереуілге шыққан жұмысшылардың талабы орынсыз деп есептеймін. Компанияда ұжымдық келісімшарт бар, сондай-ақ, қызметкерлердің әрбірімен жеке еңбек шарты бар. Құжатта көрсетілген жұмыс берушінің міндеттемелері ішінде жалақыны 50% көтеру туралы сөз жоқ. Келісімшарт бойынша тек 20%-ға көбейтуге мүмкіндік бар», – деді әкім.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Батыс Қазақстан облысында орналасқан KKC-Sicim мұнай компаниясының  700-ге жуық қызметкері жалақыны 50% көтеруді талап еткен.