сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 7 17.01.2023 14:44

Универсиадада қазақстандық шаңғышы алтын медаль иеленді

Фото: ВКонтакте

2023 жылғы Лейк-Плэсидтегі қысқы Универсиадада қазақстандық шаңғышы Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Васильев қалыпты трамплиннен шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127.2 көрсеткішімен бірінші орынды иеленді, ал соңғысында екінші (130.1) болды. Екі тәсілдің жиынтығында қазақстандық австриялық Максимилиан Клингер (251.4) мен Тимон Паскаль Кахоферден (248.8) озып, 257.3 үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстанның басқа өкілдері келесі нәтижелерді көрсетті: Сергей Ткаченко — жетінші (220.9), Никита Девяткин — тоғызыншы (216.2), Святослав Назаренко — 20-шы (147.3), Мағжан Амангелдіұлы — 21-ші (144.5).

Васильев медалі Қазақстан үшін универсиададағы екінші алтын болды. Бұған дейін алғашқы алтынды биатлон сайысынан  Вадим Куралес жеңіп алған еді.