сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 18.01.2023 10:56

Ақтөбеде көлік көпірден құлап кетті

Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде 18 қаңтарда Lexus көлігі көпірден құлап кетті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 қаңтар күні сағат 00:30 шамасында Ақтөбеде Заречный кентінің көпірінде Lexus көлігінің жүргізушісі Қарғалы тұрғын алабы маңынан жүре отырып, жылдамдықты сақтамай, Subaru көлігімен соқтығысып қалды. Салдарынан Lexus көпірден құлап кетті. Жол апатынан Lexus жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнын тексеру барысында жол бойында көктайғақ жоқ екені анықталды.