сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 11 18.01.2023 19:41

Джулиана Кепкенің таңғажайып оқиғасы

Фото: pulse.mail.ru

Джулиана Маргарет Кепке 1971 жылы 24 желтоқсанда қайғылы ұшақ апаттан жалғыз өзі аман қалып танымал болды. Ол мінген Lansa Lockheed L-188 ұшағы 3200 метр биіктіктен найзағай соғып, жанармай багының жанып кетуінен тропикалық джунгли орманына құлайды.

Апат кезінде Джулиана небәрі он жеті жаста еді . Апаттан бір күн өткен соң оянған қыз жарақатынан әрең қозғалады, сонымен қатар ол көзілдірігін жоғалтып, жан-жағын дұрыс көре алмайды. Джулиана Кепке үш күннен кейін ғана есін толықтай жиып, жағдайды бағалай алды.

Айтпақшы, қыздың жарақаты өте ауыр болды - бұғана сүйегінің сынуы, ми шайқалу, оң жақ көздің көгеруі және қатты ісінуі, буындарының жасамай қалуы, сондай-ақ көптеген терең жаралар Джулиананың қозғалуына әрең мүмкіндік берді, бірақ қыз өмір сүруден бас тартқысы келмеді.

Ұшақта жанында бірге отырған анасын, сондай-ақ басқа да аман қалғандарды таппай, Кепке жақын маңдағы елді мекенге өз бетінше жетуді ұйғарды. Ол әуе лайнерінің қирандыларын іздеу үшін аймақты айналып өткен ұшақтардың гүрілдегенін естиді, бірақ джунглидің тығыз тоғайлары мен қолайсыз ауа-райының кесірінен құтқарушылар оны да, апат болған жерді де көре алмайды.

Қуанышқа орай, Джулиананың биолог әкесінен алған экстремалды жағдайларда аман қалу туралы пайдалы білімі болды. Кішкентай ағынды тауып, Кепке оның бойымен қозғалуды ұйғарды. Сондықтан оның ең жақын елді мекенді табу мүмкіндігі жоғары болды.

Ол барлығы он күн бойы жолда жүреді және қатты ауырсыну мен жаралардан ұйықтай алмады. Сонымен қатар, ұшақ сынықтары арасынан тапқан тәттілер салынған шағын сөмкеның көмегімен күн көреді.
Оныншы күннің соңында Джулиана шағын қайықты, сондай-ақ көтерілген платформада жасырынған жерді тапты. Төбеге әрең шығып, Кепке сол жерден бензин құйылған канистр тауып алып, оның көмегімен іріңдеген жараларды емдеді, содан кейін есінен танып қалады.

Кейіннен қыз адамдар дауысынан оянған. Белгілі болғандай, көрші ауылдың бірнеше тұрғыны кішігірім баспанаға жетіп, олар Джулиананы өз қоныстарына апарып, оған көмектескен. Бір күннен кейін қыз үлкенірек елді мекенге ауыстырылды. оның дәрігерлері оған кәсіби медициналық көмек көрсете алды, ал Кепке Перудың шығысындағы Пукальпа қаласына ауыстырылғаннан кейін оны әкесі күтіп тұрған.

Бойжеткеннің арқасында құтқарушылар апат орнын таба алды. Мамандар ұшақ құлаған кезде тағы он үш адамның тірі болғанын, бірақ тек Джулиана ғана адамдарға жетуінің арқасында тірі қалғанын анықтаған.

 

Кейінірек бұл таңғажайып оқиға бірқатар фильмдерге негіз болды және 2011 жылы Кепкенің өзі «Мен аспаннан құлаған кезде» өмірбаянын жазып шыққан.