жексенбі, 6 қазан 2024
Спорт 10 19.01.2023 8:48

Орыс тілінде сұхбат бермеймін - Әбиба Әбужақынова

Фото: standard.kz

Дзюдодан әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Әбиба Әбужақынова спорт журналисі Аслан Қаженовке сұхбат берді,  – деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Сұхбат барысында спортшы ару орыс тілінде сұхбат бергісі келмейтінін айтты. 

«Көп спортшы жарыстан кейін тілшілерге орысша сұхбат береді. Мен де орысша білемін, еркін сөйлеймін. Бірақ, журналистердің сұрақтарына тек қазақ тілінде жауап беремін», – деді Әбиба Әбужақынова.