жұма, 18 қазан 2024
Әлем 10 02.12.2022 19:48

2023 жылы баруға кеңес берілмейтін ең қауіпті елдер тізімі жарияланды

Фото: gde-luchshe-otdyhat.ru

Медицина және қауіпсіздік саласы бойынша International SOS сарапшылары Ауғанстанды туристер үшін әлемдегі ең қауіпті ел деп атады, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы Businesstravelnewseurope.com сайтына сілтеме жасап.

Баруға кеңес берілмейтін елдер тізімінде екінші орында Сирия тұр. Одан кейін ұйым Украина, Мали және Иракты қойған.

2023 жылы айтарлықтай ерекшеленген елдер деп Украина мен Малиді айтуға болады. Ал қалған елдер алдыңғы екі жылда да тізімде болған.

Қауіпсіздігі жағынан "төтенше жағдайлар" санатына кіретін басқа елдерге Орталық Африка Республикасы, Йемен, Сомали және Оңтүстік Судан, Нигерия, Конго Демократиялық Республикасы, Пәкістан, Мозамбик және Израильдің кейбір аудандары кіреді.

International SOS жыл сайынғы тәуекел рейтингі туралы баяндамасында Украинадағы қақтығыстарға және өмір сүру құны дағдарысына байланысты Еуропадағы әлеуметтік толқулардың жақында өсуіне қарамастан, Еуропадағы қауіпсіздік "тұрақты" болып қала беретінін атап өтті .Мәселен, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты елдерде қауіпсіздік деңгейі өте жоғары.

Ал Солтүстік Африканың Сахел аймағында соғыс қаупі мен қылмыс деңгейі тек өсуде. Оған Колумбия қосылды, бұл ішінара пандемияның әлеуметтік-экономикалық әсеріне байланысты.

Ал ең қауіпсіз елдер ретінде Норвегия, Финляндия, Швейцария, Дания және Исландия ұсынылды.