сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 20.01.2023 9:16

Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

Фото: matritca.kz

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Белгілі болғандай, ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жасалған.