сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 9 20.01.2023 11:16

Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі ұзартылды

Фото: exk.kz

Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол 2023 жылдың 21 наурызына дейін қамауда болады.

"2023 жылғы 20 қаңтарда сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін екі айға ұзартуға санкция берілді", – делінген Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы мәслихатының VII шақырылымының депутаты және блогер Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірде Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған еді. 

Құдайберген Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға және қатысуға күдікті. Алдын ала тергеуде оның “Дикий Арман” лақап атымен таныс Арман Джумагелдиевпен бірге екендігі анықталды. Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйінде адамдарды жинауды ұйымдастырды.