сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 7 23.01.2023 8:28

Испания тұрғыны әлемнің ең қарт адамы атағына ие болды

Фото: Stan.kz

118 жастағы франциялық монах әйел Андрэнің (Люсиль Рэндон) өлімінен кейін "әлемнің ең кәрі адамы" атағы Испания тұрғыны Мария Браньяс Морерға өтті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Мария Браньяс ең кәрі адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. 2023 жылдың 23 қаңтарындағы жағдай бойынша Мария 115 жас 325 күнге толды.

Мария Браньяс Морера АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында 1907 жылдың 4 наурызында дүниеге келген.

8 жыл өткен соң Испанияға қайта оралып, Каталонияға қоныстанған. Мария бұл жерді өзінің Отаны деп атайды. Соңғы 22 жыл ол қарттар үйінде тұрады. 

Ұзақ өмір сүру үшін ол тәртіп, сабырлылық, отбасы және достарымен жақсы қарым-қатынас, табиғатпен байланыс, эмоциялық тұрақтылық, сәттілік пен жақсы генетика керегін айтады. 

Мария екі дүниежүзілік соғысты, испаниялық тұмау пандемиясы мен коронавирус пандемиясын көрген. Оның 3 баласы, 11 немересі және 13 шөбересі бар.