сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 8 23.01.2023 16:52

Чарльз Мишель: Украинадағы соғыста алдағы екі-үш апта шешуші кезең болмақ

Фото: ТСН

Украинадағы соғыста алдағы 2-3 апта шешуші кезең болады. Бұл туралы еуропалық кеңес басшысы Чарльз Мишель мәлімдеді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы unian.ua сайтына сілтеме жасап.

«Алдағы екі-үш апта шешуші кезең болмақ. 2023 жылы не болатыны алдағы апталарға байланысты, бұл біздің болашағымызды анықтайды», - деді ол испандық mundo басылымына берген сұхбатында.

Еуро кеңес басшысы Киевке барлық қажетті көмекті одан әрі көрсету қажетін атап өтті.