сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 5 24.01.2023 17:17

Алматыда балаларға зорлық көрсеткен пансионат әшкере болды

Фото: stan.kz

Алматыдағы пансионат атын жамылған қайырымдылық мекемелерінде кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соғып, жазалаған, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Алматы полиция департаменті балалар интернат үйінің атын жамылған қайырымдылық мекемелерінің кәмелетке толмағанды ​​өз-өзіне қол жұмсауға және басқа да қылмыстарға итермеледі деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр.

Бұл пансионаттарда тұратын кәмелетке толмағандар жүйелі түрде діни жоралар мен ұжымдық намаздарға тартылған. Қарсы шыққан балаларға тамақ пен су бермей жазалаған. Тіпті физикалық зорлық-зомбылық көрсетілген", – делінген хабарламада.

Пансионаттарда тінту кезінде шетелдік діни әдебиеттер мен оқу құралдары, соның ішінде Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдар табылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, тергеу мүддесі үшін іс бойынша басқа мәліметтер жарияланбайды.