сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 5 24.01.2023 17:55

Қазақстанда McDonald's не себепті жабылғаны белгілі болды

Фото: sputnik.kz

 

Ақша жымқырды деп айып тағылып отырған бизнесмен Қайрат Боранбаев Қазақстанда McDonald's жылдам тамақтану желісінің не үшін жабылғанын айтып берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы бизнесменнің атына ашылған Instagram парақшасында жазылды.

Соңғы аптада McDonald's-тың жабылуы және оның орнына жаңа мейрамханалардың ашылуы туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Оның бір ғана себебі болды. Ол — қажетті өнімдерді жеткізуде туындаған проблема

— делінген жазбада.

Жазбада жаңадан ашылатын мейрамханалар желісінің атауы кейінірек хабарланатыны туралы айтылған.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар бизнесмен өз жазбасында McDonald's тез тамақтану желісі туралы алғаш рет Ресейде кездейсоқ білгенін атап өткен. Содан кейін бұл желіні Қазақстанға әкелуді мақсат тұтқан.