сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 6 25.01.2023 11:15

Семейде ұрының мүмкіндігі шектеулі адамды тонағаны камераға түсіп қалған

Фото: камерадан кадр

Семей қаласының 50 жастағы тұрғыны мүмкіндігі шектеулі азаматтың ақшасын тартып алған. Қылмыс видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Полиция бөліміне 52 жастағы тұрғын бір күн бұрын белгісіз адам дүкеннің жанында қолынан 4 мың теңгесін тартып алғанын хабарлады.

Криминалдық полиция қызметкерлері қаскүнемнің жеке басын анықтады, ол қаланың 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 - бабы 1-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.