сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 25.01.2023 13:48

Алматыда 49 жасында мезгілсіз дүниеден өткен Арман Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салды

Фото: stan.kz

Алматыда 49 жасында дүниеден өткен белгілі сазгер, әнші Арман Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салды. Әншімен қоштасуға туыстары мен өнердегі әріптестерінен бөлек қарапайым халық та көп келді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

Марқұмның жаназасы қаладағы орталық мешіттен шығарылды. Әншімен қоштасуға 400-ге жуық адам жиналды. Арман Дүйсенов қала шетіндегі Кеңсай-2 зиратына жерленді.

Әншінің неден қайтыс болғаны белгісіз, кейбір деректерде жүрек талмасынан екені айтылады. Ол 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. 

Өнер иесінің артында жұбайы мен үш баласы қалды.