сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 5 25.01.2023 16:25

Таразда аурухана қызметкерлері жаңа туған нәрестелерді саудалаған

Фото: riafan.ru

Таразда жаңа туған нәрестелерді саудалаған аурухана қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, Тараз қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жаңа туған балалардың саудалау фактісін анықтады.

“Осы факт бойынша 2023 жылғы 12 қаңтарда ҚР қылмыстық кодексі 135-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының 2 медицина қызметкері ұсталды. Аталған адамдар ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу қала прокуратурасының бақылауына алынды” делінген хабарламада.