сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 5 25.01.2023 18:34

Алматы облысында 32 жастағы ер адамды атқан күдікті ұсталды

Фото: moment-istini.com

Алматы облысында 32 жастағы ер адам оққа ұшты. Қылмыс Талғар қаласында болған. Күдікті шекарадан өтпек болған жерінде ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz сайтының ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген болуы мүмкін деген күдіктіні ұстаған.

"24 қаңтар күні сағат 13:48 шамасында Талғар ауданының полиция басқармасына оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша жоғарыда көрсетілген бөлімшенің СДТБТ-да тіркелді" делінген хабарламада.

Полиция 1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғынын Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұстағанын айтты.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.