сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 5 26.01.2023 13:41

Орал қаласында ер адамның мүрдесі табылды

Фото: lifehacker.ru

Орал қаласында тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 қаңтар күні Меңдәлиев көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болды.

«Сағат 9.34-те зорлықпен өлтірілген 1966 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның басын жарып кеткен. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр» деп хабарлады ведомстводан.