сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 26.01.2023 15:22

Алматыдағы цехта жұмысшының қолын ет тартқыш жұлып кетті

Фото: Tengrinews.kz

Алматыда ет цехында жұмысшы ет тартқыштқа қолын жарақаттап алды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

42 жастағы ер адам котлет өндіретін ет цехында жұмыс істейді. Ол  ет салғышқа етті сала берген кезде қолын аппарат жұлып кеткен. Ер адам қолын қайта шығара алмаған, өйткені құрылғы үздіксіз жұмыс істейді.

"2023 жылы 26 қаңтарда Республикалық жедел-құтқару жасағы кезекші бөліміне осы жағдай туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында 7 құтқарушы бар жедел топ дереу жетті. Құтқарушылар ет тартқыштан ер адамның қолын алуға кірісті. Құтқарушылар қолды алу бойынша техникалық жұмыстар жүргізді, сонымен бірге психологиялық көмек көрсетті. Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін жәбірленуші жедел жәрдем қызметіне жіберілді", – деп хабарлады ТЖМ жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Жедел-құтқару жасағы жұмыста қауіпсіздік техникасын сақтауға кеңес береді.