сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 6 27.01.2023 11:48

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болып, жерасты дүмпулері Алматыда да сезілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция деректеріне сілтеме жасап.

27 қаңтарда сағат 06:10-да ТЖМ СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісінде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. MPV магнитудасы - 5,2. Тереңдігі - 10 шақырым.

МSК-64 шкаласына сәйкес Алматыда 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілген.