сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 6 30.01.2023 11:48

Шымкентте фитнес-клубта бес жасар бала бассейнге батып кетті

Фото: Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті

Шымкенттегі фитнес-клубтардың бірінде қараусыз қалған бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

2018 жылы туған баланың өлімі туралы полиция департаменті мәлімдеді. 

"29 қаңтарда 17:25-те жедел медицина қызметінен Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайлары басқармасына балаларға арналған бассейнге 2018 жылы туған баланың батып кеткені туралы ақпарат түскен. Қайғылы жағдай KASEIT фитнес-клубында болған", – делінген хабарламада. 

Полиция мәліметінше6 қараусыз қалған бала тереңдігі 1,2 метр болатын бассейнге батып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.