сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 6 30.01.2023 11:51

Орал қаласында сырғанап жүрген жасөспірім ауыр жарақат алды

Фото: Aikyn.kz

Орал қаласында жеке демалыс базасында сырғанап жүрген 17 жастағы қыз ауыр жарақат алды. Дәрігерлер жасөспірімге бауыры жарылып, қабырғалары сынған деген диагноз қойды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

"29 қаңтарда сағат 1:34-те облыстық балалар ауруханасына 2005 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімді жеткізді. 28 қаңтар сағат 22:00 шамасында Свистун тауында сырғанақ теуіп жүргенде ауыр жарақат алған. Дәрігерлер жағдайы ауыр, іштің жабық жарақаты бар, бауыры жыртылған, оң жақтағы бесінші, алтыншы, жетінші қабырғалары жабық сынған деген диагноз қойды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға қалай болғаны жайлы полиция нақты ақпарат бермеді.