сенбі, 5 қазан 2024
Спорт 8 30.01.2023 13:19

Әлімханұлы: "Атағы жоқ боксшылар мен чемпион еместер қызықтырмайды"

Фото: azattyq-ruhy.kz

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасудан қашып жүрген боксшыларды сынады, деп хабарлайды Teznews.kz сайты. 

Бұл туралы былғары қолғап шебері Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды

"Сен чемпион болсаң, атағы жоқ кез келген адам сенімен жұдырықтасқысы келеді. Ал чемпиондар жекпе-жек өткізгісі келмейді. Чемпион тек чемпионмен ғана шаршы алаңға шығу керек. Қайдасыңдар, чемпиондар?

Мені атағы жоқ боксшылар мен чемпион еместер қызықтырмайды", - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қараша айында Дензель Бентлиге қарсы өткізді. Лас-Вегастағы айқас он екі раундқа жалғасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен отандық боксшы жеңіске жетті. 

 

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ