сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 7 31.01.2023 10:18

Қытайдың Сычуань провинциясына көп балалы болуға рұқсат етілді

Фото: news1.ru

Қытайдың Сычуань провинциясында отбасындағы бала санына қойылған шектеулер алынып тасталады. Провинция сонымен қатар жалғызбасты әйелдерге бала тууға және тіркеуге рұқсат берді деп хабарлайды Teznews.kz порталы BBC порталына сілтеме жасап. 

Қазір Қытай халық санының азаюымен күресуде. Өткен жылы Қытай халқы соңғы 60 жылда алғаш рет қысқарды. Бұл елде 1979 жылдан бастап бір бала саясатын ұстанды. 

2021 жылы елде үш балаға дейін рұқсат етілді. Алайда 2022 жылы өлім көрсеткіші алғаш рет туу көрсеткішінен асып түсті.

Енді 80 миллион халқы бар Сычуань провинциясындағы ерлі-зайыптылар қалағанынша балалы бола алады. Сондай-ақ, үйленбегендер бала асырай алады. Бұған дейін жалғызбасты әйелдердің бала тууын тіркеуге тыйым салынған болатын.

Қытай басшысы Си Цзиньпин бала туу деңгейін арттыруды өзінің басты басымдылықтарының біріне айналдырды. Үкімет қазіргі құлдырауды қалпына келтіру үшін салық жеңілдіктері мен ана денсаулығын жақсартуды ұсынды.

Бұған дейін Қытай халқының саны 1961 жылдан бері алғаш рет азайғаны белгілі болды. 2022 жылы бұрын-соңды тіркелген ең төмен туу көрсеткіші болды. 

БҰҰ сарапшылары 2050 жылға қарай Қытай халқы 109 миллион адамға азаяды деп болжауда. Бұл 2019 жылы болжанған көрсеткіштен үш есе көп.