сенбі, 5 қазан 2024
Спорт 10 31.01.2023 12:12

Сабина Алтынбекова жаңа клубтағы формасын көрсетті

Фото: vesti.kz

Қазақстандық белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" клубының формасымен түскен суретін жариялады деп хабарлайды teznews.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Ол өзінің Instagram желісінде "S20" формасында 20-нөмірмен өнер көрсететін жариялады.

Волейболшы 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың маусымына дейін "Әл-Васл" сапында өнер көрсеткен. 2020 жылы Сабина италиялық "Казрета" командасына қосылды. Алайда клубтың қаржылай қиындықтарына байланысты онда ойнай алмады. Кейін пандемияға байланысты спортшы біраз уақыт клубсыз жүрді.