сенбі, 5 қазан 2024
2 31.01.2023 13:13

Димаш Құдайберген жанкүйерлерін құттықтады

Фото: factcheck.kg

Танымал әнші Димаш Құдайберген әлемнің әр түкпіріндегі Dears-ты ортақ мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өнер иесі шетелдегі байқаудан кейін танымалдыққа ие бола бастаған кезін еске алып, үш тілде жазба қалдырды.

“Қымбатты менің Dears-Отбасым! Баршаңызды және өзімді біздің ортақ туған күнімізбен құттықтаймын! 6 жыл бұрын Қытайда өткен байқауға Қазақстаннан келген келген жас жігіт біраз уақыттан кейін әр елде көптеген жанкүйер жинайтынына сенер ме еді?!

Мен бір кездері өз жанкүйерлерімнің жанкүйерімін деп айтқан едім. Бұл шындық! Қолдауыңыз бен достығыңыз үшін рақмет!
Мен сіздерді жақсы көремін! Сіздерге сәттілік, бақыт және шабыт тілеймін”, – деп жазды Димаш.

Әншінің өзін, өнерін құрметтейтін тыңдармандары жазба астында жылы лебіздерін жарыса жазды. 

“Сенің барыңа рахмет! Біз сені шексіз жақсы көреміз”, “Біз сені мақтан тұтамыз”, “Бүкіл әлемді өнерің арқылы біріктіре алдың. Сен – нағыз талантсың”, “Dears, мереке құтты болсын!”, “Сен – қазақтың арасынан дара шапқан дарынсың, осы алған бетіңнен қайтпа”, – деп жанкүйерлері тілектес екендерін білдірді.