сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 17 31.01.2023 13:59

15 жасар қыздың жалаңаш фотосына қатысты ресми дерек шықты

Фото: exk.kz

Әлеуметтік желілерде карта ойнап отырған белгісіз жігіт пен жалаңаштанған жас қыздың фотосы тарап кетті. Үстел үстінен спирттік ішімдікті де көруге болады, деп хабарлайды teznews.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

Желіде тараған ақпаратқа сенсек, қыздың жасы небәрі 15-те. Ал жігіт 25 жаста екен. @egov.press Telegram-каналының жазуынша, фото Талдықорған қаласында түсірілген. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған, бірақ кейін тоқтатылыпты.

Ішкі істер министрлігіндегілер желіде тараған фотоға қатысты пікір білдірді. Суреттегі қыз расымен де кәмелет жасына толмаған екен. Қыздан анасы мен психологтың қатысуымен түсінік алынған. Фото өткен жылдың жазында түсірілген. 25 жастағы жігіт полицияға жеткізіліп, жауап алынған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 133-бабы "Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

— делінген ІІМ Telegram-каналындағы мәліметте.