сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 5 31.01.2023 14:58

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: tengrinews.kz

Алматы облысындағы тас жолдың бірінде адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды teznews.kz порталы ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап.

30 қаңтарда Алматы-Өскемен тас жолының 54-ші шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды.

Форд автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полициядағылар.