сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 10 01.02.2023 10:26

Мессидің парақшасы бұғатталды

Фото: mercurynews.com

Аргентина құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін әлеуметтік желідегі хабарламаларды оқып үлгермегенін айтты, деп хабарлады teznews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Миллионға жуық хабарлама келген, сондықтан оның парақшасы бұғатталып қалған.

«Әлеуметтік желіде миллион хабарлама келді, сол себепті менің парақшам бұғатталып қалды. Тіпті, оқып үлгермеген хабарламалар болды. Басқа спортшылардың мені мойындап жатқаны қуантады. Бірақ пікір қалдырғанды және жауап бергенді ұната бермеймін, жай лайк басамын», – деді Месси.