сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 8 01.02.2023 12:12

Жәнібек Әлімханұлы үздік үш боксшының қатарына енді

Фото: tengrinews.kz

The Ring журналының ресми сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингін жаңартты деп хабарлады teznews.kz Instagram-дағы «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орында. Екінші орынға мексикалық Хайме Мунгия көтерілді, ал WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы төртінші орыннан үшінші орынға жоғарылады.
Орта салмақ боксшыларының рейтингісі:
1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)
2 (3). Хайме Мунгия (Мексика)
3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
4 (6). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
5 (-). Лиам Смит (Ұлыбритания)
6 (7). Риота Мурата (Жапония)
7 (8). Сергей Деревянченко (Украина)
8 (9). Эрисланди Лара (Куба)
9 (10). Феликс Кэш (Ұлыбритания)
10 (5). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания).