сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 9 01.02.2023 15:50

Әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Фото: ixbt.com

Әлеуметтік желілердер қазақстандықтарды қақпанына түсірмек болып жүрген алаяқтар көбейген. Олар тіпті жаңа айла да ойлап тапқан. Мысалы үшін, сізге бейтаныс адам жабық аккаунттан жарияланымыңыздың астына дөрекі пікір қалдырады. Ал сипаттамада фишингтік сайтқа апаратын сілтеме тұрады. Мұндай сілтемелердің қаупі қандай және алаяқтың арбауына қалай түспеуге болады? Бұл жөнінде Teznews.kz порталы "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұрын мүлде басқа едің, ал қазір саған не болған?" - әлеуметтік желі қолдаунышылары осындай пікірлерді көп байқап жүр. Әрине мұндай пікір адамның ашуына тиіп, оны кім жазғанын білгісі келеді. Алайда пікір жазған аккаунт жабық болып шығады. Ал сипаттамада сілтеме тұрады, қолданушы сілтеме арқылы фишингтік сайтқа кіріп, алаяқтардың құрбаны болады.

Фишинг сайты - деректеріңізді қалдыруды сұрайтын жалған интернет-ресурс. Мысалы, кез келген әлеуметтік желідегі сырттай ұқсас сайт және кіру үшін логин мен парольді енгізу керек. Егер сілтемеге өтсе барлығы бітті деген сөз, әлеуметтік желі бұзылып, сосын алаяқтар бар ақшаны оп-оңай сыпырып алады.

Сарапшылар ғаламтордағы әсіресе жедел мессенджерлерде жіберілген сілтемелерге кірмеуді ұсынады.