сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 6 01.02.2023 17:50

Қаңтарда Қазақстанда қияр мен пияз айтарлықтай қымбаттады

Фото: fb.ru

Бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Қаңтарда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен. Қаңтарда қияр – 22,4%, пияз – 16,7%, қызанақ – 8,8%, тәтті бұрыш 6,5% қымбаттады.

Бағаның өсуі бойынша күрішке – 2,9%, ұнтақ жармасы, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 1,8%, қара бидай-бидай наны, жұмыртқа – 1,7%, сұлы жармасы, шошқа еті, айран – әрқайсысына 1,6%-дан, сондай-ақ тауықтың төс еті, сүт, тұзды iрiмшiк, жемістер, ауыз суға да әрқайсысына 1,4%-дан үстеме қосылған.

Сонымен қатар өңірлер бойынша азық-түлік тауарларына ең жоғары өсім Астана және Шымкент қалаларында тікелді. 

2023 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,2%, ақылы қызметтер 14,2% өсті.

Ал, 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда кір сабын – 88,5%, кеңсе тауарлары – 71,4%, пияз – 62,4%, қант – 60,9%, қияр – 55,6%, консервіленген сүт – 46,4%, ұн – 42,8%, макарон өнімдері 42,3% қымбаттады.