сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 5 02.02.2023 14:48

Түркістан облысында бірнеше қала мен ауданды су басты

Фото: инстаграм

Толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Түркістан облысының бірнеше қаласы мен аудандарын су басты деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, толассыз жауған жауын-шашын және таулы аймақтардағы қардың еруінен 2 ақпанда таңертең су деңгейі көтерілген. Соның салдарынан Кентау мен Түркістан қалаларында, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аулалар мен көшелерді су басты.

"Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуының алдын алу мақсатында жаңбыр суын сору және ағызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 50-ден аса құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылды", - делінген хабарламада.