сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 24 03.02.2023 12:12

Қазақстанда қанша Құмай тазы бар?

Фото: yvision.kz

Қазақстанда тазы тұқымдас ит жылдан жылға азайып келеді. Өткен жылғы есеп бойынша елімізде тек 1 мыңға жуық тазы қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Inform.kz-ның жазуынша, Қазақстанда тазы тұқымдас 1 мыңға жуық ит бар. Оның тек 150-ге жуығы ғана асыл тұқымды екен. Ал 1939 жылғы есеп бойынша елімізде шамамен 7 000 тазы болыпты.

Араға 26 жыл салып, яғни 1965 жылы оның саны артып, 10 мыңға дейін жеткен. Дегенмен 1983 жылға дейін тазының 70% жойылып, тек 3 мыңы қалған. Айта кетейік, өткен жылдың соңында тазы мен төбет тұқымын көбейту туралы заң қабылданған болатын.